Skip to main content

Қазақстандағы «SOS Балалар ауылдары»


«SOS Балалар ауылдарын» NNEF қамқорлығына алу

2018 жылы Динара Құлыбаева expanded the scope of the NNEF Public Foundation (NNEF) by bringing SOS «Балалар ауылдары» білім беру мен әлеуметтік қорғау салаларын өзара ұштастырып, мұқтаж балалардың қауіпсіз әрі мейірімге толы ортада өсіп-жетілуіне жол ашты.

Building on a model first introduced in Kazakhstan in 1994, SOS «Балалар ауылдары» has helped pioneer a more humane and child-centred approach to care. Over the past three decades, more than 600 children and adolescents have received family-based upbringing through the programme, gaining not only safety and stability, but also the confidence, independence, and social skills needed to build successful adult lives.

Under Dinara’s leadership, SOS «Балалар ауылдары» attracted substantial financial support, including more than $4.7 million from local sponsors (of which over $1.9 million represented the personal contribution of the founders), as well as $1.5 million in international grants. This has been used to strengthen its services for children in need.

«SOS» жобасын қолдау — Динараның балаларды қорғауға, олардың әлеуетін дамытуға және әрбір баланың адамдық қадір-қасиетін сақтайтын, қауіпсіздік пен үмітке толы ортада өсуіне жағдай жасауға деген өмірлік ұстанымының көрінісі.

«SOS Балалар ауылдарын» NNEF қамқорлығына алу

2018 жылы Динара Құлыбаева NNEF қоғамдық қорының қызмет аясын оның құрамына «SOS Балалар ауылдарын» қосу арқылы кеңейтті. Бұл шешім білім беру мен әлеуметтік қорғау салаларын өзара ұштастырып, мұқтаж балалардың қауіпсіз әрі мейірімге толы ортада өсіп-жетілуіне жол ашты.

Қазақстанға 1994 жылы алғаш енгізілген модельге сүйене отырып, «SOS Балалар ауылдары» қамқорлық жасаудың анағұрлым адамгершілікті әрі балаларға бағдарланған тәсілін қалыптастыруға үлес қосты. Соңғы отыз жыл ішінде 600-ден астам бала мен жасөспірім осы бағдарлама аясында отбасылық тәрбие алып, тек қауіпсіздік пен тұрақтылыққа ғана емес, сонымен бірге ересек өмірге қажетті өзіне деген сенімділікке, дербестікке және әлеуметтік дағдыларға ие болды.

Динара Құлыбаеваның жетекшілігімен «SOS Балалар ауылдарына» қомақты қаржылық қолдау тартылды. Оның ішінде жергілікті демеушілерден 4,7 миллион доллардан астам (бұл соманың 1,9 миллион доллары — құрылтайшылардың жеке үлесі), сондай-ақ 1,5 миллион доллар көлемінде халықаралық гранттар бөлінді. Бұл қаражат көмекке мұқтаж балаларға арналған қызметтерді нығайтуға жұмсалды.

SOS жобасын қолдау — Динара Құлыбаеваның балаларды қорғауға, олардың әлеуетін дамытуға және әрбір баланың адамдық қадір-қасиетін сақтайтын, қауіпсіздік пен үмітке толы ортада өсуіне жағдай жасауға деген өмірлік ұстанымының көрінісі.

Ұзақ мерзімді әсерді қамтамасыз ету

SOS «Балалар ауылдары» today goes far beyond traditional care. Its work includes diverse care models, including community-based houses for SOS families preventing family separation, supporting children at risk, preparing foster and adoptive families, and helping teenagers transition into adulthood.

Алдын алу қызметтері кеңейтілгеннен бері ұйым 2 700-ден астам баланың өз туған отбасында қалуына септігін тигізді. Ал «Асар» дағдарыс орталығы қиын жағдайға тап болған әйелдер мен балаларға қолдау көрсетіп, 170-ке жуық баланың интернаттық мекемелерге түсуіне жол бермеді. «Асырап алушы ата-аналар мектебі» арқылы 290-нан астам бала жаңа отбасын тапты.

By bringing SOS under the NNEF umbrella, Динара Құлыбаева helped secure not only the continuity of this work, but also its long-term national relevance. Since NNEF became a co-founder in 2018, SOS has strengthened cooperation with public institutions and contributed to the development of family-based care in Kazakhstan. Since 2019, 89 children from state orphanages have been given the opportunity to live and grow up in SOS families rather than institutional settings.

Қазақстандағы балаларды қорғау саясатының болашағын қалыптастыруға үлес қосу

Балалардың құқықтарын қорғау комитетімен серіктесе отырып, SOS «Балалар ауылдары» ұйымы ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалармен жұмыс істейтін мамандарға арналған жаңа кәсіби стандарттарды әзірлеуге өз тәжірибесін ұсынып келеді.

A key foundation for this engagement is the Coordination Council, which for more than five years has served as a national platform for professional exchange and capacity development. Through this platform, SOS «Балалар ауылдары» has been consistently working with specialists from 11 state Children’s Villages, demonstrating its expertise in strengthening professional competencies and introducing modern, child-centered approaches in alternative care.

Бұл қызмет ұйымның сенімді әрі беделді серіктес ретінде танылуына ықпал етіп, саладағы кәсіби стандарттардың дамуына үлес қосты. Осы негізде оның оқыту бағдарламасы кәсіби біліктілікті арттырудың мемлекеттік жүйесіне қосылып, ұлттық даярлау тізіліміне енгізілді. Осылайша ол мемлекеттік мамандардың әлеуетін арттыруға бағытталған ресми бағдарламаға айналды. Бұл қадам бастаманың ұзақ мерзімді тұрақтылығы мен ауқымын кеңейту мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

2026–2027 жылдарға жоспарланған екі жылдық жалпыұлттық бағдарлама аясында 1 900 маман кейс-менеджмент, психологиялық жарақатпен жұмыс істеу, зорлық-зомбылықтың алдын алу және балалар үшін қауіпсіз, қолдау көрсететін орта қалыптастыру сияқты заманауи әдістер бойынша білім алады. Бұл «SOS» жобасының тек қайырымдылық бастамасы ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік деңгейдегі жүйелі реформаларға ықпал ететін маңызды құрылым екенін айқын көрсетеді.

Ұзақ мерзімді әсерді қамтамасыз ету

Бүгінгі таңда «SOS Балалар ауылдары» дәстүрлі қамқорлық шеңберінен әлдеқайда асып түсті. Оның қызметі отбасылардың бөлінуінің алдын алуға бағытталған қауымдастық үйлерін құруды, қауіп-қатер тобына кіретін балаларды қолдауды, патронаттық және асырап алушы отбасыларды даярлауды, сондай-ақ жасөспірімдердің ересек өмірге бейімделуіне көмектесуді қамтиды.

Алдын алу қызметтері кеңейтілгеннен бері ұйым 2 700-ден астам баланың өз туған отбасында қалуына септігін тигізді. Ал «Асар» дағдарыс орталығы қиын жағдайға тап болған әйелдер мен балаларға қолдау көрсетіп, 170-ке жуық баланың интернаттық мекемелерге түсуіне жол бермеді. «Асырап алушы ата-аналар мектебі» арқылы 290-нан астам бала жаңа отбасын тапты.

«SOS Балалар аылдары» ұйымын NNEF құрылымына енгізу арқылы бұл қызметтің тұтастығын ғана емес, сонымен қатар оның ұлттық деңгейдегі маңызын да нығайтты. 2018 жылы NNEF қоры оның қосалқы құрылтайшысы болғаннан бері, SOS ұйымы мемлекеттік мекемелермен ынтымақтастығын күшейтіп, Қазақстанда отбасылық тәрбиеге негізделген жүйенің дамуына үлес қосты. 2019 жылдан бастап мемлекеттік балалар үйінен келген 89 бала мекемелік ортада емес, SOS ұйымының отбасыларында өсіп-жетілу мүмкіндігіне ие болды.

Қазақстандағы балаларды қорғау саясатының болашағын қалыптастыруға үлес қосу

Балалардың құқықтарын қорғау комитетімен серіктесе отырып, «SOS Балалар ауылдары» ұйымы ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалармен жұмыс істейтін мамандарға арналған жаңа кәсіби стандарттарды әзірлеуге өз тәжірибесін ұсынып келеді.

Бұл қызметтің негізгі тіректерінің бірі — Үйлестіру кеңесі, ол бес жылдан астам уақыт бойы кәсіби тәжірибе алмасу мен әлеуетті дамытуға арналған мемлекеттік алаң ретінде қызмет етіп келеді. Осы платформа арқылы «SOS Балалар ауылдары» 11 мемлекеттік балалар ауылының мамандарымен тұрақты түрде жұмыс істеп, кәсіби дағдыларды нығайту және баламалы күтімге заманауи, балаға бағдарланған тәсілдер енгізуде өз тәжірибесімен бөлісіп келеді.

Бұл қызмет ұйымның сенімді әрі беделді серіктес ретінде танылуына ықпал етіп, саладағы кәсіби стандарттардың дамуына үлес қосты. Осы негізде оның оқыту бағдарламасы кәсіби біліктілікті арттырудың мемлекеттік жүйесіне қосылып, ұлттық даярлау тізіліміне енгізілді. Осылайша ол мемлекеттік мамандардың әлеуетін арттыруға бағытталған ресми бағдарламаға айналды. Бұл қадам бастаманың ұзақ мерзімді тұрақтылығы мен ауқымын кеңейту мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

2026–2027 жылдарға жоспарланған екі жылдық жалпыұлттық бағдарлама аясында 1 900 маман психологиялық жарақатпен жұмыс істеу, зорлық-зомбылықтың алдын алу және балалар үшін қауіпсіз, қолдау көрсететін орта қалыптастыру сияқты заманауи әдістер бойынша білім алады. Бұл SOS жобасының тек қайырымдылық бастамасы ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік деңгейдегі жүйелі реформаларға ықпал ететін маңызды құрылым екенін айқын көрсетеді.

Байланысты жобалар