Skip to main content

«Мирас» халықаралық мектептері және жоғары білім


2025 жылғы Miras International Schools түлектері әлемнің жетекші халықаралық университеттерінде, оның ішінде Нью-Йорк университетінде (NYU), Оксфорд университетінде және Лондондағы King’s College London университетінде оқуға қабылдау ұсыныстары мен шәкіртақылар алды.

Озық білім беру желісін құру

Through the NNEF Public Foundation, Dinara Kulibayeva established the «Мирас» халықаралық мектептері a network of world-class institutions in Almaty and Astana.

Озық білім беру желісін құру

NNEF қоғамдық қоры арқылы Динара Құлыбаева Алматы мен Астана қалаларында әлемдік деңгейдегі оқу орындарының желісі болып табылатын «Мирас» халықаралық мектептерінің негізін қалады.

«Мирас» халықаралық мектептері мен балабақшалары

NNEF қоры Астана, Алматы және Атырау қалаларында үш «Мирас» балабақшасын басқарады. Олардың әрқайсысы қазақстандық мемлекеттік стандартты Халықаралық бакалавриаттың (IB) бастауыш мектеп бағдарламасы (PYP) қағидаттарымен және Монтессори педагогикасымен үйлестіреді. Жекелендірілген оқыту, әлеуметтік-эмоционалдық дамыту және ата-аналардың белсенді қатысуы негізгі ерекшеліктер ретінде қарастырылып, балаларда ерте жастан іргелі білім негізінің қалыптасуына жағдай жасайды.

«NNEF» қорының Астана мен Алматыдағы «Мирас» мектептері, сондай-ақ Алматы халықаралық мектебі қазақстандық және халықаралық білім беру стандарттарын біріктіреді. «Мирас» мектептері халықаралық бакалавриаттың үш бағдарламасы бойынша уәкілеттік алған және Халықаралық мектептер кеңесінің аккредитациясынан өткен. Бұл оларды еліміздің әлемдік деңгейде танылған санаулы оқу орындарының қатарына қосады.

Оқушылар халықаралық олимпиадалар мен академиялық жарыстарда тұрақты түрде жоғары нәтижелерге қол жеткізіп келеді, мұндай жетістіктер олардың жетекші университеттерге түсуіне тікелей жол ашады. Мектептердің жобалық оқытуға, критерийлерге негізделген бағалауға және цифрлық білім беру ортасына басымдық беруі оқушылардың бойында аналитикалық, шығармашылық және зерттеу дағдыларын қалыптастырады. Бұл қасиеттер оларға мектеп қабырғасында ғана емес, сонымен қатар Қазақстан мен шетелдегі жоғары оқу орындарында да жетістікке жетуге көмектеседі.

«Мирас» мектептерінің түлектері Халықаралық бакалавриаттың дипломдық бағдарламасы (IBDP) бойынша әлемдік стандарттарға сай келетін нәтижелер көрсетеді. Дүниежүзілік IB статистикасына сәйкес, бүкіл әлем бойынша IBDP түлектерінің тек 8% ғана жалпы 45 ұпайдан 40 және одан жоғары ұпай жинайды. «Мирас» мектептерінің оқушылары тұрақты түрде осы жоғары нәтижелі топтың қатарында көрініп келеді. Мұндай тамаша академиялық көрсеткіштер әлемнің жетекші университеттеріне есік ашады, онда «Мирас» түлектері жиі стипендиялар мен оқу ақысына жеңілдіктер алып тұрады.

Жоғары білім

NNEF co-owns and supports several of Kazakhstan’s leading universities, including the International Information Technology University (IITU), Astana IT University (AITU), Kazakh-British Technical University (KBTU), and Gumarbek Daukeyev Energo University (AUES).

Стратегиялық көрегендік пен болашақ трендтерді болжай білу қабілетін таныта отырып, Динара Құлыбаева Қазақстанда ақпараттық технологиялар саласындағы мамандандырылған білім беруді алғашқылардың бірі болып қолдады. Оның көмегімен еліміздегі тұңғыш халықаралық IT-университет болып саналатын ХАТУ университеті ашылды, кейін елордада Astana IT University өз жұмысын бастады. Бұл Қазақстанның заманауи цифрлық және технологиялық білім беру экожүйесін нығайту жолындағы маңызды қадам болды.

«NNEF» қорына қарасты университеттер Қазақстандағы жоғары білімді жетілдіру үдерістерінің алғы шебінде келеді. Олар іргелі академиялық білімді цифрлық инновациялармен ұштастыра отырып, заманауи оқу бағдарламаларын ұсынады. Сондай-ақ, бұл оқу орындары түлектердің жұмысқа орналасу деңгейінің жоғарылығымен ерекшеленеді және ұлттық, халықаралық рейтингтерде алдыңғы қатарлы орындарға ие. Қорға қарасты университеттер мен олардың академиялық бағдарламалары ASIIN, ABET, IAAR, IQAA және FIBAA сияқты беделді ұйымдардың аккредитациясынан және сапа бақылауынан өткен. Бұл академиялық сапаға және халықаралық стандарттарға деген берік ұстанымды көрсетеді.

Бұл мекемелердің халықаралық деңгейі Еуропа, АҚШ және Азияның жетекші университеттерімен, соның ішінде Лондон экономика мектебі, Адам Мицкевич атындағы университет және Қытайдың мұнай университетімен жасалған қос диплом бағдарламалары мен академиялық ұтқырлық серіктестігінен айқын көрінеді. Бұл студенттердің әлемдік деңгейдегі білімге, халықаралық ғылыми ортаға қол жеткізуіне және мансаптық мүмкіндіктерін кеңейтуіне жол ашады.

2021 жылы «NNEF» қоры ХАТУ, AITU, ҚБТУ, ЭжБУ, Халықаралық бизнес университеті (UIB) және Шығыс Қазақстан техникалық университетін біріктіретін ынтымақтастық алаңы ретінде қызмет атқаратын Университеттер альянсын құру бастамасын қолдады. Бұл альянс пәнаралық білім беруді дамытуға, ғылыми ынтымақтастықты кеңейтуге, цифрлық инновацияларды ілгерілетуге және халықаралық академиялық ұтқырлықты арттыруға бағытталған.

Аталған оқу орындары жасанды интеллектті оқу бағдарламаларына енгізудегі көшбасшылардың бірі болып табылады. Олар оқыту мен зерттеу ісіне жасанды интеллект, деректер туралы ғылым және цифрлық инженерияны терең интеграциялап, студенттердің цифрлық экономика мен инновациялық салаларда табысқа жетуіне қажетті білім мен практикалық дағдыларды меңгеруіне көмектеседі. Олар Қазақстанда алғашқылардың бірі болып бакалавриат пен магистратура деңгейінде жасанды интеллект бойынша ғылыми дәреже беретін бағдарламаларды енгізді. Сондай-ақ, жоғарыда аталған университеттер оқытушыларға арналған Жасанды интеллект бойынша жазғы мектеп бағдарламасы жүзеге асырып, жасанды интеллектке қатысты пәндерді жоғары кәсіби деңгейде оқытуға қабілетті мамандарды жүйелі түрде даярлап келеді.

Қазақстанның болашағына инвестиция салу

Соңғы жиырма жыл ішінде бұл мектептер мен университеттер оқытудағы инновацияны жан-жақты дамыған, әлеуметтік жауапкершілігі жоғары тұлғаларды қалыптастыруға бағытталған берік ұстаныммен ұштастыра отырып, Қазақстандағы заманауи білім берудің танымал үлгісіне айналды. Олар Динара Құлыбаеваның «қоғамның ең мықты инвестициясы — білім беру саласы» деген көзқарасын айқындай отырып, Қазақстан жастарының болашағын қалыптастыруды жалғастыруда.

Бұл ұстаным қордың «Мирас» халықаралық мектептеріоқығысы келетін дарынды жастарға арналған стипендиялық бағдарламасынан да көрініс табады. Алты жыл ішінде бұл бағдарламаға Қазақстанның түрлі аймақтарынан 2 000-нан астам жоғары сынып оқушысы қатысты, 80-нен астам стипендия тағайындалды, оның ішінде 28 оқушы оқу ақысын толық өтейтін грант иегері атанды.

2021 жылдан бастап «NNEF» қорына қарасты 500-ден астам қызметкер Қордың «Жыл мұғалімі» атты жыл сайынғы кәсіби байқауына қатысты. Бұл байқау «NNEF» білім беру қауымдастығы аясында педагогикалық шеберлікті, шығармашылықты және инновацияны дәріптеуге бағытталған. Тек 2025 жылдың өзінде байқау 100-ден астам қатысушының басын қосты және ресми түрде Қазақстандағы кәсіби ұстаздар байқауларының қатарына енді. Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтарға ие болады, бұл Қордың озық педагогтарды қолдауға және олардың еңбегін бағалауға деген ұмтылысын одан әрі нығайта түседі.

Сондай-ақ Қор кәсіби тәжірибе алмасу алаңдарын құру, семинарлар, тренингтер мен конференциялар ұйымдастыру арқылы өзінің білім беру саласындағы тәжірибесімен белсенді түрде бөліседі. Өзінің мектептері мен балабақшалары арқылы ол 60-тан астам форматтағы іс-шараларды, соның ішінде халықаралық IB конференцияларын, республикалық және халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларды, педагогтар мен мектеп басшыларына арналған кәсіби семинарларды өткізе отырып, «IT FEST» және «EDU FEST» сияқты ірі бастамалар арқылы диалог пен инновацияны ілгерілетуді жалғастыруда.

«Мирас» халықаралық мектептері мен балабақшалары

NNEF қоры Астана, Алматы және Атырау қалаларында үш «Мирас» балабақшасын басқарады. Олардың әрқайсысы қазақстандық мемлекеттік стандартты Халықаралық бакалавриаттың (IB) бастауыш мектеп бағдарламасы (PYP) қағидаттарымен және Монтессори педагогикасымен үйлестіреді. Жекелендірілген оқыту, әлеуметтік-эмоционалдық дамыту және ата-аналардың белсенді қатысуы негізгі ерекшеліктер ретінде қарастырылып, балаларда ерте жастан іргелі білім негізінің қалыптасуына жағдай жасайды.

NNEF қорының Астана мен Алматыдағы «Мирас» мектептері, сондай-ақ Алматы халықаралық мектебі қазақстандық және халықаралық білім беру стандарттарын біріктіреді. «Мирас» мектептері халықаралық бакалавриаттың үш бағдарламасы бойынша уәкілеттік алған және Халықаралық мектептер кеңесінің аккредитациясынан өткен. Бұл оларды еліміздің әлемдік деңгейде танылған санаулы оқу орындарының қатарына қосады.

Оқушылар халықаралық олимпиадалар мен академиялық жарыстарда тұрақты түрде жоғары нәтижелерге қол жеткізіп келеді, мұндай жетістіктер олардың жетекші университеттерге түсуіне тікелей жол ашады. Мектептердің жобалық оқытуға, критерийлерге негізделген бағалауға және цифрлық білім беру ортасына басымдық беруі оқушылардың бойында аналитикалық, шығармашылық және зерттеу дағдыларын қалыптастырады. Бұл қасиеттер оларға мектеп қабырғасында ғана емес, сонымен қатар Қазақстан мен шетелдегі жоғары оқу орындарында да жетістікке жетуге көмектеседі.

«Мирас» мектептерінің түлектері Халықаралық бакалавриаттың дипломдық бағдарламасы (IBDP) бойынша әлемдік стандарттарға сай келетін нәтижелер көрсетеді. Дүниежүзілік IB статистикасына сәйкес, бүкіл әлем бойынша IBDP түлектерінің тек 8% ғана жалпы 45 ұпайдан 40 және одан жоғары ұпай жинайды. «Мирас» мектептерінің оқушылары тұрақты түрде осы жоғары нәтижелі топтың қатарында көрініп келеді. Мұндай тамаша академиялық көрсеткіштер әлемнің жетекші университеттеріне есік ашады, онда «Мирас» түлектері жиі стипендиялар мен оқу ақысына жеңілдіктер алып тұрады.

Жоғары білім

NNEF қоры Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (IITU), Astana IT University (AITU), Қазақ-Британ техникалық университеті (ҚБТУ) және Ғұмарбек Дәукеев атындағы Энергетика және байланыс университетін (ЭжБУ) қоса алғанда, Қазақстанның бірқатар жетекші жоғары оқу орындарының ортақ иесі болып табылады және оларға қолдау көрсетеді.

Стратегиялық көрегендік пен болашақ трендтерді болжай білу қабілетін таныта отырып, Динара Құлыбаева Қазақстанда ақпараттық технологиялар саласындағы мамандандырылған білім беруді алғашқылардың бірі болып қолдады. Оның көмегімен еліміздегі тұңғыш халықаралық IT-университет болып саналатын ХАТУ университеті ашылды, кейін елордада Astana IT University өз жұмысын бастады. Бұл Қазақстанның заманауи цифрлық және технологиялық білім беру экожүйесін нығайту жолындағы маңызды қадам болды.

NNEF қорына қарасты университеттер Қазақстандағы жоғары білімді жетілдіру үдерістерінің алғы шебінде келеді. Олар іргелі академиялық білімді цифрлық инновациялармен ұштастыра отырып, заманауи оқу бағдарламаларын ұсынады. Сондай-ақ, бұл оқу орындары түлектердің жұмысқа орналасу деңгейінің жоғарылығымен ерекшеленеді және ұлттық, халықаралық рейтингтерде алдыңғы қатарлы орындарға ие. Қорға қарасты университеттер мен олардың академиялық бағдарламалары ASIIN, ABET, IAAR, IQAA және FIBAA сияқты беделді ұйымдардың аккредитациясынан және сапа бақылауынан өткен. Бұл академиялық сапаға және халықаралық стандарттарға деген берік ұстанымды көрсетеді.

Бұл мекемелердің халықаралық деңгейі Еуропа, АҚШ және Азияның жетекші университеттерімен, соның ішінде Лондон экономика мектебі, Адам Мицкевич атындағы университет және Қытайдың мұнай университетімен жасалған қос диплом бағдарламалары мен академиялық ұтқырлық серіктестігінен айқын көрінеді. Бұл студенттердің әлемдік деңгейдегі білімге, халықаралық ғылыми ортаға қол жеткізуіне және мансаптық мүмкіндіктерін кеңейтуіне жол ашады. 2021 жылы NNEF қоры ХАТУ, AITU, ҚБТУ, ЭжБУ, Халықаралық бизнес университеті (UIB) және Шығыс Қазақстан техникалық университетін біріктіретін ынтымақтастық алаңы ретінде қызмет атқаратын Университеттер альянсын құру бастамасын қолдады. Бұл альянс пәнаралық білім беруді дамытуға, ғылыми ынтымақтастықты кеңейтуге, цифрлық инновацияларды ілгерілетуге және халықаралық академиялық ұтқырлықты арттыруға бағытталған.

2021 жылы NNEF қоры ХАТУ, AITU, ҚБТУ, ЭжБУ, Халықаралық бизнес университеті (UIB) және Шығыс Қазақстан техникалық университетін біріктіретін ынтымақтастық алаңы ретінде қызмет атқаратын Университеттер альянсын құру бастамасын қолдады. Бұл альянс пәнаралық білім беруді дамытуға, ғылыми ынтымақтастықты кеңейтуге, цифрлық инновацияларды ілгерілетуге және халықаралық академиялық ұтқырлықты арттыруға бағытталған.

Аталған оқу орындары жасанды интеллектті оқу бағдарламаларына енгізудегі көшбасшылардың бірі болып табылады. Олар оқыту мен зерттеу ісіне жасанды интеллект, деректер туралы ғылым және цифрлық инженерияны терең интеграциялап, студенттердің цифрлық экономика мен инновациялық салаларда табысқа жетуіне қажетті білім мен практикалық дағдыларды меңгеруіне көмектеседі. Олар Қазақстанда алғашқылардың бірі болып бакалавриат пен магистратура деңгейінде жасанды интеллект бойынша ғылыми дәреже беретін бағдарламаларды енгізді. Сондай-ақ, жоғарыда аталған университеттер оқытушыларға арналған Жасанды интеллект бойынша жазғы мектеп бағдарламасы жүзеге асырып, жасанды интеллектке қатысты пәндерді жоғары кәсіби деңгейде оқытуға қабілетті мамандарды жүйелі түрде даярлап келеді.

Қазақстанның болашағына инвестиция салу

Соңғы жиырма жыл ішінде бұл мектептер мен университеттер оқытудағы инновацияны жан-жақты дамыған, әлеуметтік жауапкершілігі жоғары тұлғаларды қалыптастыруға бағытталған берік ұстаныммен ұштастыра отырып, Қазақстандағы заманауи білім берудің танымал үлгісіне айналды. Олар Динара Құлыбаеваның «қоғамның ең мықты инвестициясы — білім беру саласы» деген көзқарасын айқындай отырып, Қазақстан жастарының болашағын қалыптастыруды жалғастыруда.

Бұл ұстаным қордың «Мирас» халықаралық мектептерінде оқығысы келетін дарынды жастарға арналған стипендиялық бағдарламасынан да көрініс табады. Алты жыл ішінде бұл бағдарламаға Қазақстанның түрлі аймақтарынан 2 000-нан астам жоғары сынып оқушысы қатысты, 80-нен астам стипендия тағайындалды, оның ішінде 28 оқушы оқу ақысын толық өтейтін грант иегері атанды.

2021 жылдан бастап NNEF қорына қарасты 500-ден астам қызметкер Қордың «Жыл мұғалімі» атты жыл сайынғы кәсіби байқауына қатысты. Бұл байқау NNEF білім беру қауымдастығы аясында педагогикалық шеберлікті, шығармашылықты және инновацияны дәріптеуге бағытталған. Тек 2025 жылдың өзінде байқау 100-ден астам қатысушының басын қосты және ресми түрде Қазақстандағы кәсіби ұстаздар байқауларының қатарына енді. Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтарға ие болады, бұл Қордың озық педагогтарды қолдауға және олардың еңбегін бағалауға деген ұмтылысын одан әрі нығайта түседі.

Сондай-ақ Қор кәсіби тәжірибе алмасу алаңдарын құру, семинарлар, тренингтер мен конференциялар ұйымдастыру арқылы өзінің білім беру саласындағы тәжірибесімен белсенді түрде бөліседі. Өзінің мектептері мен балабақшалары арқылы ол 60-тан астам форматтағы іс-шараларды, соның ішінде халықаралық IB конференцияларын, республикалық және халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларды, педагогтар мен мектеп басшыларына арналған кәсіби семинарларды өткізе отырып, «IT FEST» және «EDU FEST» сияқты ірі бастамалар арқылы диалог пен инновацияны ілгерілетуді жалғастыруда.

Байланысты жобалар